«Заң мен тәртіп» қағидаттарын насихаттауға бағытталған республикалық квест өтті

Аталған іс-шараға Алматы технологиялық университетінің «АТУ жастары» командасы белсенді қатысып, өздерінің білімін, тапқырлығын және командалық жұмыс дағдыларын көрсетті.

Квест барысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын құрметтеу және құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ерекше мән берілді.

«АТУ жастарына» белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреміз! Алда жаңа белестер мен жеңістер көп болсын!