Заң, денсаулық және жауапкершілік: саналы азаматтың мәдениетін қалыптастыру

Құрметті АТУ студенттері!

2026 жылдың 11 ақпан күні «АТУ» АҚ-да бірінші курс және шетел студенттеріне арналған

«Заң және тәртіп; саналы азамат мәдениеті, қоғам талаптары, аутодеструктивті мінез-құлықтың, синтетикалық есірткі және туберкулездің алдын алу» тақырыптарында семинар-дәріс өтеді.

Іс-шара АТУ-дың психологиялық қолдау қызметі, денсаулық пункті, «Казмед Компани» медициналық орталығы және «Isker isi» әлеуметтік жобасының бірлесуімен, шақырылған спикерлердің қатысуымен ұйымдастырылады.

Күні: 11 ақпан 2026 ж.

Уақыты: 11:00 – 12:30

Өтетін орны: 2-оқу ғимараты, кіші акт залы (офлайн)

Онлайн: Zoom және YouTube (ректораттың ресми арналары) https://youtube.com/live/HevL-27QLTA?feature=share