Қытай тілі клубының Конфуций институтындағы көшпелі сабағы
Шығармашылық орталығының қызметі аясында қытай тілін үйреніп жүрген студенттер үшін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Конфуций институтында көшпелі сабақ ұйымдастырылды.
Іс-шара интерактивті әрі танымдық форматта өтті. Студенттер алған білімдерін тәжірибе жүзінде бекітіп қана қоймай, Қытайдың мәдениетімен, тарихымен және дәстүрлерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.
Кездесу барысында қатысушылар қытай каллиграфиясының ерекшеліктерімен танысып, негізгі иероглифтердің мағыналарын зерделеді. Сонымен қатар Қытайдың географиясы, аймақтары және мәдени ерекшеліктері туралы жан-жақты ақпарат алды.
АТУ студенттердің аудиториядан тыс білім алуына, тілдік дағдыларын тәжірибе жүзінде жетілдіруіне және жан-жақты дамуына бағытталған бірегей мүмкіндіктерді тұрақты түрде ұсынып келеді.
Бүгінде АТУ-да келесі бағыттар бойынша тілдік клубтар белсенді жұмыс істейді:
- Орыс тілі
- Қазақ тілі
- Ағылшын тілі
- Түрік тілі
- Қытай тілі
- Корей тілі
Университетіміздің студенттері үшін барлық тілдік клубтардағы сабақтар тегін өткізіледі!
Тілдік клубтарға тіркелу, жазылу және олардың қызметі туралы толық ақпарат алу үшін Шығармашылық орталығына хабарласуға болады: Төле би көшесі, 100; 1113-кабинет; Ішкі телефон: 165











