Ғылымға, студенттерге және АТУ болашағына инвестиция
«Эндаумент АТУ» Қамқоршылық кеңесінің төрағасы корпоративтік қорының өкілі, АТУ меценаты, «Bal Halal» өндірістік компаниясының директоры әрі негізін қалаушы Тажибаева Римма Данабаевна «Эндаумент АТУ» КФ-не 7 200 000 теңге көлемінде қаржылай үлес қосып, сондай-ақ университетке автокөлікті сыйға тартты.
Аталған қаражат АТУ ғалымдары мен басқа да зерттеу ұжымдарының ғылыми әзірлемелері негізінде жасалған өнімдерді коммерцияландыру нәтижесінде қалыптастырылды. Атап айтқанда, функционалдық және салауатты тамақтануды дамытуға бағытталған, тритикале ұнын қолдана отырып, экологиялық таза шикізаттан макарон өнімдері әзірленді.
Біздің университет пен «Bal Halal» өндірістік компаниясын ұзақ мерзімді әрі нәтижелі ынтымақтастық байланыстырады.
Оның нәтижесі — тағам технологиялары саласындағы инновациялық ғылыми жобаларды әзірлеу және енгізу. «Bal Halal» компаниясы мен «Эндаумент АТУ» КФ қолдауының арқасында университетіміздің көптеген ғалымдары мен дарынды студенттері өздерінің ғылыми әлеуеті мен кәсіби құзыреттерін дамытуға бірегей мүмкіндік алды.
«Bal Halal» компаниясына және жеке өзіне Тажибаева Римма Данабаевнаға «Эндаумент АТУ» КФ-не қосқан үлесі мен университетіміздің дамуына көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіреміз!





