Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің АТУ-ға сапары
Бүгін Қазақстанның жоғары оқу орындары қауымдастығының 20 жылдығына арналған іс-шара аясында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек АТУ-ға келді.
АТУ-ға сапары аясында министр университеттің оқу-практикалық базасымен және жетістіктерімен танысты. Саясат Нұрбек АТУ жанындағы Қазақстан-Швейцария туризм институтына, қабылдау комиссиясы, студенттерге қызмет көрсету орталығына, ATU Inn оқу мейрамхана-қонақ үй кешеніне барды. АТУ факультеттері көрмені ұйымдастырды, онда министрдің назарына университеттің оқу цехтары мен зертханаларында құрылған өздерінің ғылыми әзірлемелері мен өнімдердің кең ассортиментін ұсынды.