Ғылым біріктіреді: АТУ докторанттары Бейжіңде!
АТУ Тағам технологиялары факультеті базасындағы "Технологиялар мен инновацияларды дамыту жөніндегі Қазақстан–Қытай орталығының" қызметі аясында АТУ мен Бейжің технология және бизнес университеті (BTBU) арасындағы серіктестік белсенді түрде дамып келеді!
Қазіргі уақытта ТТФ-ның төрт докторанты BTBU гранттық қолдауы аясында Бейжің қаласында ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтуде. Докторанттарға тегін тұру және ай сайынғы шәкіртақы беріледі.
Екі университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы бірлескен ғылыми жобалар әзірлеп, «Тағам технологиялары» бағыты бойынша жаңа білім беру бағдарламаларын дайындауда. Алдағы уақытта ынтымақтастықты басқа да ғылыми бағыттарда кеңейту жоспарлануда.







