University of Salerno (Салерно Университеті, Италия)ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды
ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландыру шеңберінде №АП23489874 «Кондитерлік өнімдерді байыту үшін жергілікті өсімдік шикізатын өңдеу негізінде табиғи сығындылар алудың тиімді технологиясын әзірлеу» (жетекшісі Набиева Ж.С.) жобасы аясында 16-24 қазан аралығында АТУ-не Салерно университетінің ProdAl Scarl Консорциумынан (Италия) шетелдік сарапшылар - Джованна Феррари және Роберта Феррари келді. Екі университет арасында Бірлескен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, АТУ жас ғалымдар үшін оқыту семинарлары өткізіліп, бірлескен зерттеулер жүргізілуде.