Университеттің белсенді студенттерін марапаттау салтанаты өтті
Алматы технологиялық университетінде 2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша белсенді студенттерді марапаттау салтанаты өтті.
Іс-шара барысында университеттің қоғамдық, мәдени-шығармашылық, спорттық және ғылыми өміріне белсене қатысып, оқу жылы бойы жоғары жауапкершілік пен бастамашылдық танытқан студенттер арнайы марапаттарға ие болды. Сонымен қатар, білімді, тәрбиелі әрі белсенді ұрпақ тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін студенттердің ата-аналарына университет ректорының атынан Алғыс хаттар табысталды.
Барша студенттерді 2025–2026 оқу жылын сәтті аяқтауларымен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы демалыс күндерін көтеріңкі көңіл-күймен өткізіп, жаңа оқу жылына тың күш пен жарқын идеялармен оралуларыңызға тілектеспіз. Сіздерге зор денсаулық, толағай табыс және жарқын болашақ тілейміз!




