Университетте «Ұлы дала – Великая степь» тақырыбында жобаларды қорғау өтті

Университетте «Ұлы дала – Великая степь» тақырыбында «Жобаларды қорғау» атты маңызды іс-шара өтті. Бұл шара студенттердің ғылыми және шығармашылық әлеуетін көрсетуге арналған маңызды алаң болды.

Іс-шара барысында қатысушылар Ұлы даланың бай тарихи-мәдени мұрасын, бірегей дәстүрлері мен рухани құндылықтарын, сондай-ақ ұлттық болмысты қалыптастырудағы рөлін ашып көрсететін авторлық жобаларын ұсынды. Жобалар мазмұнының тереңдігімен, өзектілігімен және креативтілігімен ерекшеленді.

Студенттер жоғары дайындық деңгейін, талдау қабілетін, зерттеушілік дағдыларын және өз идеяларын сенімді түрде қорғау шеберлігін көрсетті. Жобаларды қорғау мазмұнды әрі шабыттандыратын атмосферада өтіп, қатысушылар мен көрермендердің қызығушылығын арттырды.

Іс-шараны ұйымдастыруға қосқан зор үлесі, бастамашылдығы және жоғары деңгейдегі еңбегі үшін Сағнайқызы Самалға шынайы алғысымызды білдіреміз.