Университетте «АТУ-дың 2026-2027 оқу жылына арналған қызметінің басым бағыттары» тақырыбында семинар өтті

Университетте «АТУ-дың 2026-2027 оқу жылына арналған қызметінің басым бағыттары» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға факультет Декандары, Кафедра меңгерушілері, Профессорлық-оқытушылық құрам және университеттің Құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Семинар спикерлері: Бірінші проректор Нұрахметов.Б.Қ , Таева.А.М, Балқыбекова К.С және Стратегиялық даму департаментінің директоры Василина.Г.К.

Семинар барысында қатысушылар университет дамуының стратегиялық бағдарларымен және 2026–2027 оқу жылына арналған академиялық, ғылыми-инновациялық және тәрбие жұмыстары бағыттарындағы негізгі міндеттермен танысты. Сонымен қатар профессорлық-оқытушылық құрамның, кафедралар мен факультеттердің кәсіби рейтингінің нәтижелері ұсынылды.