Университетімізде басшылық пен студенттердің қатысуымен «Галстуксіз кездесу» форматында кездесу өтті

Университетімізде басшылық пен студенттердің қатысуымен «Галстуксіз кездесу» форматында кездесу өтті. Іс-шара керемет әрі еркін атмосферада ұйымдастырылып, мазмұнды диалог орнатуға мүмкіндік берді.

Кездесу барысында студенттер оқу процесіне, сондай-ақ университеттің инфрақұрылымын дамытуға қатысты өзекті сұрақтарын қойды. Білім алу сапасы, өзін-өзі дамыту мүмкіндіктері және студенттік ортаны жақсарту бойынша ұсыныстар талқыланды.

Осындай форматтағы кездесу студенттер мен университет басшылығы арасында тікелей байланыс орнатып, білім алушылардың пікірлері мен бастамаларын тыңдауға, сондай-ақ университеттің одан әрі даму жолдарын бірге талқылауға мүмкіндік берді. Кездесу жоғары деңгейде өтіп, барлық қатысушыларға жағымды әсер қалдырды.