Түйіндеме құрастыру және жұмысқа орналасу дағдылары бойынша шеберлік сабағы

«АТУ» АҚ Адам ресурстарын дамыту департаментінің директоры Медеубаева Жанар Мирасовна студенттерге арналған «Түйіндеме құрастыру және сұхбаттан сәтті өту жолдары» тақырыбында шеберлік сабағын өткізеді.
Шеберлік сабағында еңбек нарығының заманауи талаптары, халықаралық тәжірибеде қолданылатын түйіндеме әзірлеу қағидаттары, жұмыс берушілердің негізгі талаптары, сұхбаттан сәтті өту тәсілдері және мансапты табысты бастауға арналған практикалық ұсынымдар ұсынылады.
Тағам технологиялары факультеті
Күні: 5 ақпан 2026 жыл
Уақыты: 15:00
Биотехнология және химиялық технологиялар факультеті
Күні: 12 ақпан 2026 жыл
Уақыты: 15:00
Ақпараттық технологиялар факультеті
Күні: 13 ақпан 2026 жыл
Уақыты: 15:00
Интеллектуалды және инженерлік жүйелер факультеті
Күні: 20 ақпан 2026 жыл
Уақыты: 15:00
Өтетін орны: Алматы қ., Райымбек даңғылы, 348/4, №2 оқу корпусы, Акт залы.