«Түйіндеме құрастыру және сұхбаттан сәтті өту жолдары» тақырыбында шеберлік сабақ
АТУ-дың Дизайн, текстиль және киім технологиялары факультеті мен Экономика және бизнес факультетінің студенттері үшін университетіміздің Персоналды басқару бөлімінің басшысы Жанар Мирасовна Медеубаева «Түйіндеме құрастыру және сұхбаттан сәтті өту жолдары» тақырыбында шеберлік сағаттарын өткізді.
HR саласында мол тәжірибеге ие жоғары деңгейлі маман Жанар Мирасовна студенттерге резюмені дұрыс құрастыру, оның жұмысқа орналасу процесіндегі маңызы, сұхбаттан сәтті өту тәсілдері туралы жан-жақты мәлімет беріп, кәсіби құпияларымен бөлісті.
Тағам технологиялары факультеті мен Инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультетінің студенттеріне арналған шеберлік сағаттары сессия аяқталғаннан кейін өтетін болады.



