Құттықтаймыз!

АТУ М114 магистратурасының Тоқыма: киім, аяқ киім және былғары бұйымдары білім беру бағдарламаларының тобы Қазақстан жоғары оқу орындарының Институционалдық рейтингінің білім беру бағдарламаларының «ТОП-10» қатарына кірді!

АТУ заманауи еңбек нарығы үшін жоғары білікті бәсекеге қабілетті магистрлерді даярлауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін цифрлық технологияларды қолдана отырып, оқытудың әртүрлі инновациялық әдістерін пайдаланады. Оқу процесінде дәріс сабақтарын өткізуге, магистрлік диссертацияларды дайындау кезінде зертханалық жұмыстарды орындауға арналған «Grafis» АЖЖ, «Технолог» АЖО автоматтандырылған жобалау жүйелері қолданылады.

Алған білімдері мен дағдыларын пайдалана отырып, біздің түлектер өз бизнестерін аша алады және Қазақстан мен шетел кәсіпорындарында жетекші маман иесі бола алады!

М114 Тоқыма: киім, аяқ киім және былғары бұйымдары

♦️ 7М07204 Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы
♦️ 7М07205 Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы
♦️ 7М07206 Азық-түлік емес тауарлар мен бұйымдардың қауіпсіздігі

АТУ-ға түс! Арманыңа бірге жетеміз!
 АТУ Коды: 053 ✅