Құттықтаймыз!

Мәскеу қаласында өткен «Ет өнеркәсібі. Тауық патшасы 2022» халықаралық көрме-саммиті қорытындысы бойынша Алматы технологиялық университеті Алтын медальмен марапатталды!

Бірінші жүлделі орынға «Құс етінен жасалатын функционалдық өнімдердің инновациялық технологиясы» жобасы ие болды. Авторлары: академик Құлажанов Т. Қ., профессор Ұзақов Я. М., PhD Қалдарбекова М. А. және Қойшыбаева А..

АТУ-ға диплом мен алтын медальді «Асти Групп» Көрме компаниясының Президенті Наринэ Багманян табыстады.

АТУ мен Біздің Ғалымдарымызды осы жоғары марапатпен шын жүректен құттықтаймыз! Бұдан да биік белестерді бағындыруларыңызды және жемісті жетістіктер тілейміз!