Құттықтаймыз!

АТУ-дың «В070 Тоқыма: киім, аяқ киім және былғары бұйымдары» білім беру бағдарламалар тобы Қазақстан жоғары оқу орындарының институционалдық рейтингінің білім беру бағдарламаларының «ТОП-10» қатарына енді!

Бұл бағыт бойынша біздің студенттер пішу мен тігудің кәсіби дағдыларына үйренеді, тігін машиналарының құрылымын, сондай-ақ болашақта кәсіби қызметте қолданылатын басқа да құралдар мен аппараттарды зерттейді.

Біз келесі мамандықтар бойынша мамандар дайындаймыз:
✅ Дизайнер-модельердің шығармашылық идеяларын жүзеге асыратын технолог
✅ Ірі өндірістік зертханаларда инженер-зертханашы
✅ Жеңіл және тоқыма өнеркәсібі кәсіпорындары маманы
✅ Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын дайындау және шығарумен байланысты ауқымды іс-шараларды ұйымдастырушы
Осы саланы игере отырып, сен де жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын өндіруге маманданған ірі компанияларда, салалық ұйымдарда жұмыс істеу мүмкіндігі бар!

В070 Тоқыма: киім, аяқ киім және былғары бұйымдары
6В07204 Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және қүрастырылуы
6В07205 Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы

???? АТУ Коды: 053 ✅