Құттықтаймыз!!!

Құттықтаймыз!!! АТУ ғалымдарының 5 жобасы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың жеңімпаздары атанды!!!

  • DP23692342 жобасы пайдалы компоненттері жоғары функционалды көкөніс шырындарын өндірудің инновациялық технологияларын коммерцияландыру. Жетекшісі-Волжанин Александр Станиславович.
  • DP23692324 жобасы функционалдық қасиеттері жоғары ұлттық макарон өнімдерін (кеспе, лагман) өндіруде тритикале сорттарынан инновациялық технологияларды коммерцияландыру. Жетекшісі- Изтаев Бауыржан Ауелбекович.
  • DP23692309 жобасы толтырғыштарды пайдалана отырып, емдік-профилактикалық мақсаттағы диеталық биойогурт өндірудің инновациялық технологияларын коммерцияландыру. Жетекшісі-Сембаева Шынар Тоқтауқызы.
  • DP23692015 жобасы қауын жемістерін кешенді өңдеу. Жетекшісі-Бұхаров Фархад Өрісбайұлы.
  • DP23691953 жобасы өңделген сүтті, өсімдік және қайталама шикізатты пайдалана отырып, құрт, коспа Қазақ ұлттық өнімдерінің инновациялық технологияларын коммерцияландыру. Жетекшісі- Жаксылыков Ерсаин Дулатович.

Бұл жобалар 2024-2026 жылдар аралығында іске асырылатын болады. Қаржыландырудың жалпы сомасы 1 млрд. 722 млн теңгені құрайды.