ТТФ факультетінің 1-курс студенттері АТУ-дың серіктес компаниясы «AsiaAgroFood» компаниясына экскурсиямен барды
Тағам технологиялары факультетінің 1 курс студенттері 6В07202 «Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы» бағыты бойынша АТУ серіктес компаниясы «AsiaAgroFood» - Қазақстандағы құрамажем, ұн және глюкоза шәрбаттарын өндіру саласындағы көшбасшы компаниясына экскурсиямен барды.
Болашақ жас мамандар компанияның барлық қызмет бағыттарымен, заманауи өндірісімен, нақты технологиялық процестерімен және жұмыс барысындағы жабдықтарымен танысты.
АТУ-да оқу-бұл 1 курстан бастап нақты индустрияны іс жүзінде бағдарлау, білу және түсіну. Біздің студенттер ең жақсы теория мен практиканы алып қана қоймай, саланың нағыз мамандарымен танысып, сөйлеседі, болашақ мамандығының ішкі құрылымын түсінеді. Жас мамандарды даярлаудың бұл тәсілі одан әрі жұмысқа орналасу кезінде кәсіпорында бейімделу процесін қысқартуға мүмкіндік береді, табысты жұмысқа орналасуға және мансап құруға барлық мүмкіндіктер береді.
Іс-шараны АТУ Мансап орталығы ұйымдастырды.