Түркияның Akdeniz University университетінде «Шетелде бір семестр» бағдарламасы

Түркияның үздік университеттерінің бірінде бір семестр білім ал! Дизайн, текстиль және киім технологиялары факультетінің студенттеріне арналған мүмкіндіктер одан әрі арта түсуде!

Түркияның Akdeniz University университетінде академиялық ұтқырлықтың «Шетелде бір семестр» бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау басталды! ОРЫН САНЫ ШЕКТЕУЛІ!

2026 жылғы 25 қарашаға дейін өтінім беріп үлгер! Өз мүмкіндігіңді жіберіп алма! Өтінімде ФИО, факультет, курс, email және халықаралық сертификаттың атауы көрсетіліп, mobilnostatu@gmail.com электрондық поштасына жіберілуі қажет.

Оқу мерзімі: 2026–2027 оқу жылының 2-семестрі.
Оқу орны: Анталья, Түркия.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:
• GPA — 2,5-тен төмен емес;
• B1 деңгейінен төмен емес екенін растайтын сертификатпен дәлелденген ағылшын тілін білу.

Бағдарламаға келесі білім беру бағдарламаларының студенттері қатыса алады:
• 6B07204 — Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы;
• 6B07205 — Текстиль материалдарының технологиясы және жобалануы;
• 6B02101 — Дизайн;
• 6B02102 — Fashion дизайн;
• 6B07206 — Текстиль нанотехнологиялары;
• 6B07207 — Сән технологиясы.

Шетелде білім алу — халықаралық тәжірибе жинақтауға, ағылшын тілін жетілдіруге және жаңа мәдениетпен танысуға мүмкіндік!
Арманыңның орындалуын ертеңге қалдырма, дәл қазір +7 707 146 88 92 нөміріне қоңырау шал немесе кеңес алуға кел: Төле би көшесі, 100, Бас оқу корпусы, 703-кабинет.
mobilnostatu@gmail.com