Түркиядағы академиялық ұтқырлық – 2026–2027 оқу жылына!

АТУ-дың Биотехнология және химиялық технологиялар факультетінің студенттері үшін Erasmus+ KA171 2025 бағдарламасы аясында Стамбул қаласындағы (Түркия) серіктес университет -

Üsküdar University базасында 1 семестр білім алу мүмкіндігі ұсынылады.

Грант мөлшері: 4 580 €

Оқу орны: Стамбул, Түркия

Ұзақтығы: 1 семестр

Келесі білім беру бағдарламаларының студенттері қатыса алады:

  • 6B05101 – Биотехнология
  • 6B07101 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы
  • 6B05201 – Экология

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • GPA - 3,0 және одан жоғары
  • 1-2 курс студенттері
  • Ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын сертификат

Құжаттар ГУК, 7-қабат, 703-кабинетте
(Халықаралық ынтымақтастық департаменті) қабылданады.