Түркістандағы кәсіптік бағдар беру жұмыстары аяқталды
Алматы технологиялық университетінің Интеллектуалды және инженерлік жүйелер факультеті Түркістан облысында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын сәтті аяқтады!
Факультет өкілдері Түркістан облысының Ордабасы және Сарыағаш аудандарына барып, мектеп бітіруші түлектермен кездесті.
Кездесу барысында талапкерлерге білім беру бағдарламалары, оқу мүмкіндіктері, болашақ мамандықтар және университеттің артықшылықтары туралы толық ақпарат берілді.Бұл шара оқушыларға дұрыс мамандық таңдауға бағыт-бағдар беріп, болашаққа сенімді қадам жасауына мүмкіндік жасады.
АТУ – сапалы білім мен жарқын болашақтың кепілі!





