«ТОЛЫҚ АДАМ» концепциясына арналған семинардың екінші күні өтті
Семинар аясында баяндама жасаған — Мұхамадиев Дәурен Бақдәулетұлы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің академик С. Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оны оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, әдебиеттанушы, Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.
Кездесу барысында «Толық адам» концепциясының рухани-адамгершілік мәні, оның қазіргі білім беру кеңістігіндегі орны мен маңызы жан-жақты талқыланды. Баяндамашының сөзі ғылыми тереңдігімен, мазмұндылығымен және практикалық маңыздылығымен ерекшеленді.
Сондай-ақ семинар қонақтарына белсенді қатысқандары, қызығушылық танытып, мазмұнды пікір алмасуға атсалысқандары үшін ризашылық білдіреміз. Бұл кездесу алдағы кәсіби ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуға берік негіз қалайды деп сенеміз.


