Тіл – халық рухының айнасы

Кафедра күніне орай «Тіл – халық рухының айнасы» атты тағылымды іс-шара өткізілді.

Шараның басты мақсаты – білім алушылардың ана тіліне және шет тілдеріне деген құрметін қалыптастыру, тілдік әрі мәдени әртүрлілікті дәріптеу, сондай-ақ мемлекеттік және шет тілдері кафедрасының қызметі мен негізгі бағыттарын кеңінен таныстыру болды.

Іс-шара барысында студенттер өз өнерлерін көрсетіп, тілдің ұлт руханиятындағы орны туралы ой бөлісті. Ана тілінің қадір-қасиеті мен шет тілдерін меңгерудің маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Тіл – ұлттың жаны, рухының айнасы. Әр халықтың болмысы мен мәдениеті оның тілінде көрініс табады. Сондықтан тілге құрмет – елге құрмет. Барша қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз!