Табыстың тарихы алғашқы қадамнан басталады!

Бүгінде диплом – кәсіби жолдың тек бастамасы ғана. Нақты артықшылыққа өз білімін үздіксіз жетілдіріп, жаңа дағдыларды меңгеріп, үнемі дамып отыратын адамдар ие болады.
Бейресми білім беру – онлайн курстардан, вебинарлардан, тренингтерден, шеберлік сабақтарынан, тағылымдамалардан және еңбек нарығында сұранысқа ие заманауи құзыреттерді қалыптастыратын басқа да білім беру бағдарламаларынан өту мүмкіндігі.
Неліктен бұл маңызды?
Жаңа білім мен практикалық дағдыларды меңгеру;
 Еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру;
 Мансаптық мүмкіндіктерді кеңейту;
 Кәсіби портфолио қалыптастыру;
 Жеке және көшбасшылық қасиеттерді дамыту;
 Өмір бойы үздіксіз білім алу.
Табыс мақсат қоюдан басталып, білім алу мен тәжірибеде қолдану арқылы жалғасады, ал оның нәтижесі – кәсіби даму мен жаңа мүмкіндіктер.
Өз болашағыңызға инвестиция салуды бүгіннен бастаңыз! Өйткені оқу – тек білім алу ғана емес, сонымен қатар жаңа жетістіктерге, мансаптық өсуге және табысты өзін-өзі жүзеге асыруға бастайтын жол.
«Алматы технологиялық университеті» АҚ Құзыреттер орталығы дамуға ұмтылатын және табысты болашаққа сенімді қадам жасағысы келетін баршаңызды шақырады.