«Студенттік ортаға бейімделу»: студенттермен ақпараттық кездесу

2026 жылғы 7–10 қыркүйек аралығында АТУ-дың студенттік жатақханаларында білім алушылармен ақпараттық кездесулер ұйымдастырылды.

7 қыркүйек — №1 жатақхана
8 қыркүйек — №2 жатақхана
9 қыркүйек — №4 жатақхана
10 қыркүйек — №3 және №5 жатақханалар

Кездесулер студенттердің университеттік ортаға бейімделуіне қолдау көрсетуге бағытталды. Студенттерге әлеуметтік және психологиялық қолдау, университет қызметтері, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік талаптары туралы ақпарат берілді.

Кездесулерге Тәрбие ісі жөніндегі проректор, Жастар ісі департаменті, Креатив орталығы, Психологиялық қолдау орталығы және Денсаулық пунктінің өкілдері қатысты.