Студенттік бастамалар: старосталармен кездесу

АТУ Жастар ісі жөніндегі департаменті 10.09.2026 жылы ИжИЖ, ТТ, БжХТ және АТ, 14.09.2026 жылы ЭжБ, ДТжКТ факультеттерінің старосталарымен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында студенттік өмір, факультеттер арасындағы өзара байланыс, алдағы іс-шаралар мен бірлескен жобалар талқыланды.

Старосталар студенттер мен университет арасындағы маңызды байланыстырушы буын ретінде өз ұсыныстары мен идеяларын ортаға салды. Кездесу нәтижесінде алдағы жұмыстардың негізгі бағыттары айқындалып, жаңа бастамаларды бірлесіп жүзеге асыру жоспарланды.