Студенттер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу: АТУ жатақханаларындағы кездесулер

Университеттің Жастар ісі департаменті мен Психологиялық қолдау бөлімі тарапынан 1, 2, 3, 4 және 5 жатақхана студенттерімен ақпараттық-түсіндіру кездесулері өткізілді.

Кездесулердің мақсаты — студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, дропперлік (қаржылық алаяқтыққа тартылу), харассмент және буллинг мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Іс-шара барысында мамандар аталған құқықбұзушылық түрлерінің салдары мен жауапкершілігі туралы ақпарат беріп, студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған ұсыныстар айтты.

Кездесулер сұрақ-жауап форматында өтіп, студенттер өздерін толғандырған мәселелер бойынша пікір алмасты.