Студенттер арасында «Креативті ойлау және тұлғалық өсу: hard & soft skills дамыту» тақырыбында тренинг өтті.

Студенттер арасында «Креативті ойлау және тұлғалық өсу: hard & soft skills дамыту» тақырыбында тренинг өтті. Іс-шараны Психологиялық қолдау қызметі мен Креативтілік орталығы ұйымдастырды.

Тренингтің мақсаты – дизайн-ойлау құралдары арқылы студенттердің креативті және сыни ойлау қабілеттерін дамыту, саналы көзқарас пен тұлғалық даму дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ негізгі кәсіби құзыреттерді (hard & soft skills) нығайту.

Тренинг барысында қатысушылар идея генерациялау әдістерін меңгерді, ойлау икемділігін дамытты, командалық жұмыс дағдыларын жетілдірді және мәселелерді шешудің жаңа тәсілдерін қарастырды.