“START-UP ATU–2026” жеңімпаздары анықталды

АТУ-да «START-UP ATU–2026» стартап жобалары байқауының финалы өтті. Қатысушылар өздерінің стартап жобаларын байқаудың Сараптамалық кеңесіне таныстырды. Жыл сайын бұл байқауға студенттер мен жас ғалымдардың қызығушылығы артып, дарынды жобалардың саны көбейіп келеді.
Биыл 5 меценат талантты стартаптарды қолдап, food-tech, тұрақты даму және креативті индустриялар саласындағы бастамаларды жалпы сомасы 3 950 000 теңгеге қаржыландырды.
Жақын арада қосымша жеңімпаздар анықталады, олардың жобалары АТУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі Қулажанов Т. К., сондай-ақ «АТУ Эндаумент» корпоративтік қоры тарапынан қолдау мен қаржыландыруға ие болады.
Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз және меценаттарымызға алғысымызды білдіреміз! Жақын арада осы бастамалардың артында тұрған және студенттеріміздің жобаларын қолдайтын серіктестерімізбен сіздерді таныстырамыз.

1 000 000 тенге
ТОО «CASPIAN CENTER (КАСПИЙСКИЙ ЦЕНТР)» (директор: Алиев Камран Назим Оглы)
Жоба: Local food box “Taste of Almaty”
Авторлар: Жангирова София, Жангирова Карина
Ғылыми кеңесші: Чувашев С.Ю

1 000 000 тенге
ТОО «Smart 15» (директор: Нурлыбаева Жансая Женисовна)
Жоба: Ruby-Buby
Авторлар: Қабылбекова Н.А., Зейнола Н.Е., Ержанқызы Сымбат
Ғылыми кеңесші: Баязитова М.М.

550 000 тенге
ТОО «AGROLAND 33 DISTRIBUTION» (директор: Маметжанова Гульназ Хаюмовна)
Жоба: WHEY-ICE — протеинді балмұздақ. Zero-Waste негізінде жасалған инновациялық өнім
Авторлар: Құманбекқызы Айнаш, Салқынбек Асылзат, Әділхан Азиза
Ғылыми кеңесші: А.И. Матибаева

500 000 тенге
ТОО «BAL HALAL» (директор: Тажибаева Римма Данабаевна)
Жоба: Zero Waste тұжырымдамасы бойынша тоқыма аксессуарларын өндіру технологиясы
Авторлар: Таңжар Арай
Ғылыми кеңесші: Абишова А.С.

500 000 тенге
ТОО «GROUPA 24» (директор: Мукашева Гульнара Маратовна)
Жоба: Табиғи эфир майын пайдалану арқылы арома шамдар дайындау
Авторлар: Есберген Ернұр, Рымжан Дамир, Мамыт Қарлығаш
Ғылыми кеңесшілер: Ахметова Назым Қайратқызы, Құрманәлі Ақтоты Нұрданқызы