Саха Республикасынан келген мектеп бітірушілер АТУ-да
АТУ-ға кәсіптік бағдар беру турымен Саха Республикасы (Ресей Федерациясы) мектептерінің бітіруші сынып оқушылары келді. Қонақтар үшін біздің университеттің оқу корпустары бойынша экскурсия өткізілді, оның барысында білім алушылар АТУ білім беру бағдарламалары, университеттің ғылыми-зерттеу қызметі, оқу процесінің ерекшеліктері, сондай-ақ оқуға түсу мәселелері және студенттік өмір туралы толық ақпарат алды. Болашақ талапкерлер оқытушылармен және белсенді студенттермен жеке таныса алды.






