«Құрылым, белсенді әдістер және цифрлық құралдар» тақырыбында cеминар-тренинг

«Жас оқытушы мектебі» жобасын іске асыру аясында 17 желтоқсанда университетте «Заманауи сабақ: құрылымы, белсенді әдістер және цифрлық құралдар» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Іс-шараның мақсаты - жас оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру және заманауи оқу сабағын жобалау бойынша практикалық дағдыларын қалыптастыру.

Семинар барысында сабақтың икемді құрылымы, белсенді оқыту әдістерін қолдану, сондай-ақ білім беру процесінде цифрлық құралдарды пайдалану мәселелері қарастырылды. Практикалық бөлім кейстерді талдауды, топтық жұмысты және педагогикалық жағдайларды талқылауды қамтыды.

Осындай іс-шараларды өткізу оқытушылардың педагогикалық шеберлігін дамытуға және білім беру үдерісінің сапасын арттыруға ықпал етеді.