Royal Tulip Almaty қонақ үйінің басшылығы АТУ-де қонақ дәріс өткізді

Экономика және бизнес факультетінің «Туризм және сервистік қызмет көрсету» кафедрасының 6В11101 Туризм және 6В11102 Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан студенттеріне «Қонақүй және оның ішкі құрылымы» тақырыбында қонақ дәрісі өтті. Дәрісті Royal Tulip Almaty қонақүйінің директоры Дүйсебаев Сабыржан Болатжанұлы және директордың орынбасары Сағымбаев Арман Асанұлы жүргізді. Іс-шара «Қонақжайлылықтағы ойын-сауық индустриясы» пәні аясында ұйымдастырылды.

Алматы қаласындағы ең сәнді қонақүйлердің бірі – Royal Tulip басшылығы қонақүй бизнесіндегі ішкі құрылым мен бизнес-процестерді ұйымдастыру, саладағы заманауи үрдістер және бағыттың ерекшеліктері туралы жан-жақты айтып берді.