Құрметті талапкерлер!

Құрметті талапкерлер!

2022 жылғы ТАМЫЗ айындағы ҰБТ-ға тіркелу app.testcenter.kz сайтында 25-30 шілде аралығында жүргізіледі. Тестілеудің өзі 10-13 тамыз аралығында өтеді.

Бұл ҰБТ-ға кімдер қатыса алады?
✔️ Қалауы бойынша ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілері;
✔️ ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері;
✔️ ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар;
✔️ ЖОО-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғаларды күнтізбелік жылы ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін;
✔️ ЖОО-ға ақылы негізде басқа білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар.

???? Тестілеуге қатысу құны - 4 230 теңге.

Тестке қатысушылар ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеу өтетін ОРЫНДЫ, КҮНДІ және УАҚЫТТЫ өз еркілері бойынша таңдайды.

☝️ МАҢЫЗДЫ: Негізгі ҰБТ-ға қатысқан тест тапсырушылар тамыз айындағы ҰБТ-да басқа бейіндік пәндер комбинациясын таңдай алады.