Құрметті студенттер! Сіздер үшін жақсы жаңалық!

Ағымдағы оқу жылынан бастап біздің университет www.beam.kz тегін платформасын енгізуді бастады.

Бұл платформа арқылы:

  • вакансиялар, тағылымдамалар мен өндірістік тәжірибелерді таба аласыз
  • АТУ-дың және жұмыс берушілердің іс-шараларына қатыса аласыз
  • мамандығыңызға байланысты пайдалы ақпараттармен танысып, табысты мансап құруға жол аша аласыз
  • жұмыс берушілер мен олардың командасы туралы толығырақ ақпарат ала аласыз
  • профиліңізді толтырып оны түйіндеме ретінде пайдалана аласыз

Платформаға дәл қазір тіркелуге болады - https://beam.kz/login

Платформаны пайдалану туралы бейне нұсқасы осында:???? https://www.youtube.com/watch?v=pCfPdtKq-pA