Құрметті магистратураға түсушілер!

Алматы технологиялық университеті магистратураға құжат қабылдау науқанының басталғанын хабарлайды.
2026 жылғы 1 маусым мен 8 шілде аралығында app.testcenter.kz сайтында немесе UTO.kz қосымшасы арқылы магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініш қабылданады.
Кешенді тестілеу 2026 жылғы 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді.
Тіркелу барысында талапкерлер тестілеу өтетін қаланы өздері таңдай алады.
Тестілеудің орны мен уақыты туралы ақпарат 2026 жылғы 14 шілдеде талапкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін:
•    шекті балл – 75 балл; 
•    шет тілі бойынша – кемінде 25 балл; 
•    оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл; 
•    білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша – әр пәннен кемінде 7 балл. 
Бейінді магистратураға түсу үшін:
•    шекті балл – 30 балл; 
•    білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша – әр пәннен кемінде 7 балл. 
Кешенді тестілеуге қатысу құны – 14 693 теңге.
Алматы технологиялық университеті талапкерлерге 32 магистратура және 15 докторантура білім беру бағдарламалары бойынша білім алуға мүмкіндік ұсынады. Университет 70 жылдан астам уақыт бойы жоғары білікті мамандар даярлап келеді және білім беру, ғылым мен инновацияны дамыту бағытында тұрақты жұмыс жүргізуде.
Қосымша ақпаратты АТУ Қабылдау комиссиясынан алуға болады.
Барлық талапкерлерге сәттілік тілейміз!