«Ridan» компаниясының өкілімен «Тоңазытқыш саласындағы заманауи трендтер» тақырыбында қонақ дәрісі өтті

Инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультетінің 6В07105 «Тоңазытқыш машиналары және кондиционерлеу жүйелері», 6В07105 «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» бағыттарының студенттері үшін «Ridan» компаниясының өкілі Рамил Рашитович Тазитдиновтың «Тоңазытқыш саласындағы заманауи трендтер» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.

«Ridan» компаниясы-пластиналы жылу алмастырғыштардың әлемдегі жетекші өндірушілерінің бірі, энергия үнемдейтін жабдықтар өндірісінде көшбасшы. «Ridan» инженерлік жүйелердің энергия тиімділігін арттыратын жабдықтарды әзірлейді және шығарады.

Дәріс барысында Рамиль Рашитович студенттерге компания туралы, саланың инновациялары туралы, жабдықтар мен инженерлік жүйелерді әзірлеу мен өндірудің заманауи тәсілдері туралы, сондай-ақ осы бағыттағы жұмысқа орналасу және мансаптық өсу перспективалары туралы айтып берді.

Дәріс АТУ Қамқоршылар кеңесінің төрағасы мен АТУ Мансап орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.