Ректор гранты және жеңілдіктер
Жоғары білім алуды қолжетімді әрі тиімді еткің келе ме?
Алматы технологиялық университеті (АТУ) 2026 жылғы талапкерлер үшін керемет жеңілдіктер мен гранттар ұсынады!
Сені қандай жеңілдіктер күтіп тұр?
«Алтын белгі» иегерлері мен Республикалық және Халықаралық олимпиада жеңімпаздары: ҰБТ қорытындысы бойынша 50 және одан жоғары балл жинаса, толық оқу мерзіміне Ректор грантын (100% жеңілдік) ұтып алу мүмкіндігі бар!
«АТЭК» ЖШС түлектері:
Үздік диплом иегерлеріне – 30% жеңілдік,
басқа санаттағы түлектерге– 20% жеңілдік қарастырылған.
Басқа колледждің үздік дипломы бар түлектеріне – 10% жеңілдік.
Жеңілдікті сақтап қалу шарты өте оңай:
Барлық жеңілдіктер бүкіл оқу мерзіміне беріледі. Оны әр жыл сайын ұзарту үшін аралық аттестацияларды (сессияны) сәтті тапсырып, әр пән бойынша қортынды балл 70 балдан төмен болмауы керек.