Әрбір АТУ студенті - университетіміздің үлкен тарихының бір бөлігі!
Әрбір АТУ студенті - университетіміздің үлкен тарихының бір бөлігі!
Қаржылық және экономикалық мәселелер жөніндегі директор Кулажанова Маржан Сарсекенқызы және «Эндаумент АТУ» корпоративтік қорының директоры Қаламбаева Әсел Болатқызы Нұрлан Қаппаров атындағы грант конкурсына қатысып, іріктеуден өткен, бірақ финалға жолдама ала алмаған студенттермен кездесті.
Бұл жай ғана кездесу емес, студенттермен жеке пікір алмасып, олардың идеяларын тыңдауға, сұрақтарына жауап беруге және одан әрі даму мүмкіндіктерін талқылауға арналған маңызды мүмкіндік болды.
Студенттер АТУ-да білім алудың перспективалары, талантты жастарды қолдау және университеттің белсенді әрі мақсатшыл студенттерге ашатын мүмкіндіктері туралы тағы да көбірек білді.
Финалға өтпеу - жеңіліс деген сөз емес. Әрбір конкурс - баға жетпес тәжірибе, жаңа таныстықтар, өзіңді танытуға және алға қарай жаңа қадам жасауға берілетін мүмкіндік.
Барлық қатысушыларға батылдығы, бастамашылдығы және дамуға деген ұмтылысы үшін алғысымызды білдіреміз!
Алда тек жаңа жеңістер мен биік жетістіктер күтіп тұрғанына сенімдіміз!





