ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Ғылым қоры» АҚ «AI-Sana» бағдарламасына іріктеудің II кезеңін жариялайды
«Қазақстан халқына» ҚҚ қолдауымен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі және «Ғылым қоры» АҚ бірлесіп «AI-Sana» бағдарламасының II кезеңіне ауқымды іріктеу жариялайды.
Егер сен:
- технологиялар мен жасанды интеллекттің тоғысқан саласында жұмыс істегің келсе
- өзіңнің AI-жобаларыңды іске қосуды қаласаң
- елдегі ең ірі AI қозғалысының бір бөлігі болғың келсе — өз мүмкіндігіңді жіберіп алма!
Кімдер қатыса алады?
- Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары және докторанттары
- «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алушылар (2026)
- жасанды интеллект бойынша базалық курстардан өткендер
- ағылшын тілін базалық деңгейде меңгергендер
Тестілеу мерзімі: 2026 жылғы 2–15 наурыз (23:59-ға дейін)
Іріктеуден қалай өтуге болады?
Сайт арқылы: https://aisanatesting.kz немесе https://aisana.gov.kz
Қатысу қандай мүмкіндіктер береді?
- халықаралық сарапшылардан білім алу (Stanford, MIT, Кремний алқабының венчурлік қорлары)
- жасанды интеллектпен және Python тілінде код жазумен практикалық жұмыс
- кәсіпкерлік ойлау және стартап тәсілдері
- Қазақстан салаларының нақты кейстерімен жұмыс
- өз бизнес-жоспарыңды әзірлеу
- Alem.ai резиденті болу мүмкіндігі
Тест 25 сұрақтан тұрады (120 минут). Бағалау кезінде нәтиже ғана емес, тестілеуді орындау уақыты да ескеріледі.
Елдің технологиялық болашағының бір бөлігі болу мүмкіндігін жіберіп алма!
Толығырақ: https://aisana.gov.kz
