"Zhas-Orken 2026"
АТУ XIII Халықаралық жас дизайнерлер мен модельерлер байқауы «Жас-Өркен 2026»-ға шақырады!
«Жас-Өркен» байқауы университетімізде 20 жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келеді және жас дизайнерлер мен суретшілер үшін өз талантын көрсетіп, өзін танытуға үлкен мүмкіндік береді.
Биыл байқауға Қазақстаннан және жақын, алыс шетелдерден 84 талантты жас дизайнер мен суретші қатысады.
23–24 сәуір 2026 жыл, Алматы қ., Төле би көшесі, 100, Бас оқу ғимараты
23 сәуір 09:30–15:00
«ҚАРҚЫНДЫ БАСТАУ & КРЕАТИВТІ КОВОРКИНГ»
Бірінші күн кәсіби ортаға енуге, нетворкингке және қатысушылармен танысуға арналған.
24 сәуір 10:00–18:00
«FASHION SHOW & GLOBAL VISIBILITY»
Байқаудың шарықтау шегі: подиум көрсетілімдері, сәннің жанды қозғалысы және жеңіс сәті.
Номинациялар:
Pret-a-porter, Creative Art, Ethno-Fusion, плакат дизайны, сәндік-қолданбалы өнер.
Жұлдызды қазылар алқасы:
- Кахфиати Кахдар – қазылар алқасының төрағасы, PhD, Бандунг технологиялық институтының бейнелеу өнері және дизайн факультетінің деканы;
- Бекмурзаева Кристина Юрьевна – Алматы қаласы мәслихатының депутаты, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, ҚазҰӨА түлегі;
- Бапанова Сәуле Сыздыққызы – ҚазҰӨА «Сәндік өнер» кафедрасының профессоры, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері;
- Батурина Ольга Владимировна – өнертану кандидаты, ҚазҰӨА «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының профессоры;
- Шалбаев Арыстанбек – Қазақстан мәдениет қайраткері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Kyzyl Traktor арт-тобының қатысушысы;
- Көпжасарова Айнұр Сайлаубекқызы – Абай атындағы опера және балет театрының директоры;
- Роберто Болтри – Болон университетінің профессоры (Италия), Орталық Азиядағы БҰҰ волонтері;
- Байжанова Ирина – «EURASIAN FASHION WEEK» бас продюсері, «MODELS PRODUCTION» модельдік агенттігінің негізін қалаушы;
- Қасымова Айгүл – АТУ түлегі, дизайнер, «Aigul' Kassymova» бренді негізін қалаушы.

