АТУ-дың жас дизайнерлері Kazakhstan Fashion Week аясында өткен New Generation Open Way байқауына қатысты

АТУ-дың жас дизайнерлері Kazakhstan Fashion Week аясында өткен New Generation Open Way байқауына қатысты

АТУ-дың Дизайн, текстиль және киім технологиялары факультетінің студенттері Алматыда өткен Kazakhstan Fashion Week аясындағы New Generation Open Way @newgeneration_openway жас дизайнерлер байқауына сәтті қатысты. АТУ бұл маңызды сән индустриясы іс-шарасына жыл сайын қатысып келеді.

Биыл АТУ-ды «Сән дизайны» бағытының 4 студентінен құралған креативті команда таныстырды:
✅ Чернышов Вадим @velvetteangel «Cantum: Luctus et Gaudium» үлгісімен
✅ Айсекенова Аян «Тень симфонии» үлгісімен
✅ Жанарбекқызы Самға @zh_samga «Аласұру» үлгісімен
✅ Алияскар Айгерим @aliaskar_aigerim «Dark Fame» үлгісімен.

Команданы «Дизайн» кафедрасының талантты оқытушысы, сеньор-лектор Алданаева Айсулу Муханбеткалиевна жетекшілік етті.

Жанарбекқызы Самға «Аласұру» үлгісімен қазақстандық дизайнер RASSUL SOTSIAL @rassulsotsial тарапынан тағылымдамадан өтуге шақырту алды.

Дизайн, текстиль және киім технологиялары факультеті ондаған жылдар бойы дизайн және fashion индустриясы үшін мамандар даярлауда көшбасшы болып келеді. Дәл осы факультет қабырғасынан Қазақстан сән әлемінің көптеген танымал тұлғалары өз жетістік жолын бастаған. АТУ студенттерге кәсіби өсу мен шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру үшін бірегей мүмкіндіктер жасап, жас таланттарды қолдап, дамытуда.