"Ғылым және бизнес: ҒЗжТКЖ нәтижелерін коммерцияландыру мәселелері" ФОРСАЙТ сессиясы

"Ғылым және бизнес: ҒЗжТКЖ нәтижелерін коммерцияландыру мәселелері" ФОРСАЙТ сессиясы

2024 жылдың 12 сәуірінде Алматы технологиялық университетінің базасында ғылым күніне арналған "Ғылым және бизнес: ҒЗжТКЖ нәтижелерін коммерцияландыру мәселелері" ФОРСАЙТ сессиясы өтті.
Форсайт сессиясына шақырылған қонақтар:

Манатбаев Рустем Кусаингазыевич - "Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары
Арестеев Кайрат Махамбетович - "Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі
Тажибаева Римма Данабаевна - "Bal Halal" ЖШС негізін қалаушы
Ажибаева Жибек Турехановна - "сауда кәсіпорындары қауымдастығы" ЗТБ президенті
Елеукенова Камарсулу Агимедуллиевна - "Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы"АҚ ақпараттық ресурстарды қалыптастыру департаментінің директоры
Келемсейіт Назым Ермекқызы -"Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" АҚ коммерцияландыру жобалары басқармасының бастығы және ҚР жетекші ғалымы.

Форсайт сессиясының қатысушылары соңғы жылдары елімізде пайда болған инновацияларды коммерцияландыру мәселелерін талқылады. Экономиканың микро және макро деңгейлеріндегі инновацияларды коммерцияландырудың маңыздылығы, мемлекеттік саясаттың Қазақстандағы ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру моделін қалыптастыруға әсері туралы қорытындылар жасалды. 

Форсайт сессиясының қатысушыларына университет ректоры Т. К. Құлажановтың алғыс хаттары мен брендтелген өнімдері табыс етілді.