Public Talk IN THE KITCHEN-Anniversary Edition

Құрметті достар!

Біз сіздерге тағы бір тамаша жаңалықты қуана хабарлаймыз!

Дизайн, тоқыма және технологиялар факультетінің студенттері үшін әлемге әйгілі суретші Норберт Брюннермен @norbertbrunnerdot шығармашылық кездесу – Public Talk форматында өтеді.

Кездесу АТУ академиялық серіктесі болып табылатын IN THE KITCHEN – Anniversary Edition @laureate_grand_cafe мерейтойлық кештерінің аясында ұйымдастырылады.

Норберт Брюннер – австриялық концептуалды және фигуративті суретші.

Оның еңбектері халықаралық деңгейде танылған және АҚШ, Австрия және Германиядағы жеке коллекцияларда сақталған.

Шебердің көрмелері Швейцария, Беларусь, Ресей, Қытай және Жапонияның музейлері мен өнер галереяларында үлкен табыспен өтуде.

Күні: 2025 жылғы 23 қазан

Уақыты: 12:00

Өтетін орны: Төле би көшесі, 100, Студенттерге қызмет көрсету орталығы ғимаратындағы коворкинг-орталық

Толығырақ ақпарат алу үшін өз факультетіңіздің деканатына хабарласыңыз!