«Поэзия менің жүрегімде» атты әдеби кеші өтті
АТУда "Менің жүрегімдегі Поэзия"атты поэзиялық кеш өтті.
Кеш барысында қатысушылар көркем сөздің құдіретін сезініп, қазақ поэзиясының інжу-маржандарымен сусындады. Студенттер мен әріптестер әсерлі өлеңдер оқып, көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады.
Кеш соңында қатысушылардың өнері бағаланып, жүлделі орындар анықталды:
- І орын-ТперП 25-13 тобының студенті Қанат Ақерке “Жоқ, дәрігер”
- ІІ орын - ТПП 25-21 тобының студенті Малиева Айя “Алпысқа келдіңіздер”
- ІІІ орын - БТ 25-19 тобының студенті Теннаев Шамырат “Қазақстан мен Түркіменстан достығы” (өз шығармашылығы) бойынша марапатталды. Сонымен қатар’ студенттеріміз жүлделі орындар мен бірге ақшалай жүлде иеленіп, арнайы сыйлықтармен марапатталды!
Бұл кеш – поэзияға деген сүйіспеншілікті арттырып қана қоймай, шығармашылыққа шабыт берген тағылымды шара болды.
- Ұйымдастырушы: МжШТ кафедрасы
- Қолдау көрсеткен: АТУ “Эндаумент”
Барша қатысушыларға алғыс білдіреміз!







