Педагогикалық шеберліктің жазғы мектебі
2025 жылдың 22 тамызында «Алматы технологиялық университеті» АҚ-да Креатив орталығы ұйымдастырған «Педагогикалық шеберліктің жазғы мектебі» біліктілікті арттырудың бірегей бағдарламасы сәтті аяқталды.
Жазғы мектеп аясында оқытушылар «Ойлау және жазу» курсынан өтті, бұл курс студенттердің сыни ойлауын дамытудың заманауи интерактивті әдістері мен практикалық құралдарын игеруге көмектесті. Бұл бағдарлама қатысушылардың кәсіби көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, білім беру процесіне инновациялық тәсілдерді енгізуге шабыттандырды.
Курстан алған білім мен дағдылар оқытушыларымыздың педагогикалық тәжірбиесін едәуір байыта отырып, студенттер үшін тиімді және қызықты оқу ортасын құруға мүмкіндіктер ашады.
Суреттерге сілтеме





