«Оқытушының әдістемелік шеберханасы» жобасы аясында интерактивті воркшоп өтті
«Оқытушының әдістемелік шеберханасы» жобасы аясында заманауи педагогика мен практикалық психологияны біріктірген интерактивті workshop өтті. Кездесу мазмұнды әрі қызықты, практикалық инсайттар мен студенттермен жұмыс істеуге арналған пайдалы құралдарға толы болды.
Іс-шара барысында оқу үдерісін тиімді әрі мазмұнды етуге көмектесетін екі негізгі тақырып қарастырылды:
«Заманауи оқуды үйрету және цифрлық сауаттылық». «Мемлекеттік және шет тілдері» кафедрасының сеньор-лекторы Молдабаева Батиха Анафиевна мәтінмен жұмыс істеудің тиімді стратегияларымен, оқу сауаттылығын дамыту әдістерімен, сондай-ақ оқытушының уақытын үнемдеп, студенттердің қызығушылығын арттыратын тәжірибеде тексерілген цифрлық құралдармен бөлісті.
«Білім берудегі транзактілік талдау». Тәжірибеші психолог, PhD, Баязитова Меруерт Мысырқызы аудиториядағы психологиялық паттерндер тақырыбын ашты. Оқу процесінде жасырын психологиялық ойындарды қалай тануға болатынын және қауіпсіз әрі қолдау атмосферасын құру үшін конструктивті диалог алгоритмдерін қолдануды талқылады.
Әрбір оқытушыға белсенділігі, қызығушылығы және жаңа нәрсені білуге деген ұмтылысы үшін алғыс білдіреміз!





