Оқы, өс, денің сау болсын!

Құрметті студенттер!

Сіз үшін МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) жүйесі бойынша тегін медициналық көмек қолжетімді.

Орта, техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімде оқитын студенттер халықтың жеңілдетілген санатына жатады. Олар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) жарналарды мемлекет төлейді. Мұндай студенттерге, егер олар жұмысқа орналасса да, МӘМС жарналарын төлеудің қажеті жоқ — жұмыс беруші олар үшін жарналар енгізбейді.

Қазақстанда оқитын күндізгі бөлім студенттері оқуды бастаумен МӘМС жүйесінде автоматты түрде "сақтандырылған" мәртебесін алады.