ОРЫС ТІЛІ БОЙЫНША ЖАҢА ОҚУ ҚҰРАЛЫ

Алматы технологиялық университетінің «Гуманитарлық және тілдік пәндер» кафедрасы мен Креатив орталығы қандастарға арналған орыс тілі бойынша арнайы оқу құралын әзірледі.

Оқу құралының басты мақсаты — орыс тілін меңгеру үдерісін жеңіл, жайлы әрі қызықты ету. Жұмыс дәптері сөздік қорды молайтуға, орыс тілінде еркін сөйлеуге және алған білімдерін оқу мен күнделікті өмірде оңай қолдануға мүмкіндік береді.

Бұл бастама қандастарды қолдауға, олардың жаңа ортаға бейімделуіне ықпал етуге және білім беру мен әлеуметтік ортада өзін еркін сезінуіне қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Жоба аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, тілдік және әлеуметтік қолдаудың жаңа бағыттарын қамтитын болады.