OPEN DAY ATU 2026
Құрметті достар!
АТУ сіздерді «OPEN DAY ATU 2026» Ашық есік күніне шақырады!
2026 жылғы 23 сәуірде сағат 13:30-да сіздерді №2 оқу корпусында күтеміз: Райымбек даңғылы, 348/4.
Бұл университетіміздегі жарқын әрі өте қызықты күн болады.
Сіз АТУ туралы, білім беру бағдарламалары, оқуға түсу, оқу артықшылықтары мен мүмкіндіктері жайлы толық ақпарат аласыз.
Сіздерді мастер-класстар, дегустациялар, студенттік жобалар көрмесі, кәдесыйлар мен сыйлықтар күтеді.
Ең бастысы – біздің оқытушылармен және студенттермен танысып, өзіңізді АТУ-дың үлкен отбасының бір бөлігі ретінде сезіне аласыз.
Күні: 23 сәуір 2026
Уақыты: 13:30
Өтетін орны: Алматы қ., Райымбек даңғылы, 348/4, №2 оқу корпусы