One, two, three, Forte!
Оқу орнын аяқтаған түлек бірден үздік банкке әлдекімнің қамқорлығынсыз-ақ және таусылмайтын «Сізге кейінірек қоңырау шаламыз» деген жаттанды сөздерсіз өздігінен келе ала ма? Иә! Біз мұны жыл сайын дәлелдеп келеміз. Алдына қойған мақсаттарына өздігінен жететіндерді және уақытын босқа жұмсамайтындарды Forte Next Generation тағылымдамасына шақырамыз.
Бұл бағдарлама қазақстандық студенттерге банк саласын меңгеруге көмектеседі. Сіз қаржы, экономика, математика немесе тіпті IT туралы теориялық біліміңізді толықтыра отырып, тәжірибе аласыз. Тағылымдамадан сәтті өткен жағдайда, Сізді ForteBank штатына жұмысқа шақырамыз. Бұл үшін не қажет екенін айтып өтейік.
Табысқа жетудің үш қадамы
Сіз алғашқы қадамды жасадыңыз. Бұл, әрине, жеке тұлға ретінде қалыптасу. Өзіңізге мақсаттар қойып, оларға қол жеткізесіз бе? Адамдармен оңай тіл табысып, команданың бір мүшесі бола аласыз ба? Өзіңіз қатты сенген жұмысыңызды аяғына дейін жеткізесіз бе және кері байланысты қабылдай аласыз ба? Онда бірден іріктеуге келіңіз! Ол тестілеу (білім негізін тексеру), дөңгелек үстел (практикалық кейстерді шешу) және сұхбаттан (үздік үміткерлермен басшы өзі сұхбат жүргізеді) тұрады.
Екінші қадам – тағылымдаманың өзі. Әдетте ол кассир, шот менеджері және т.б. сияқты жайғасымдар бойынша өтеді. Техникалық мамандарды, әсіресе, Стратегиялық тәуекелдер бағытында және IT-блокта қуана қарсы аламыз. Сіз Бас банкте (ол Нұр-Сұлтанда орналасқан), сондай-ақ филиалдардың кез келгенінде тағылымдамадан өте аласыз.
Нені күтуге болады? Сізді 1 ай мерзімге тағылымдамадан өтуші ретінде рәсімдейді және Сізге тәлімгер бекітеді. Ол және функционалды бизнес-жаттықтырушы қажетті өнімдер мен процестерді үйретеді. Теорияны аяқтағаннан кейін Сіз нақты жоба бойынша жұмыс жасайсыз. Оның нәтижесі мен тәлімгердің қорытындылары бойынша тағылымдаманың қорытындылары шығарылады.
Үшінші қадам – қабылдау. Үздік тағылымдамадан өтушілерді 3 ай сынақ мерзімімен штатқа жұмысқа шақырамыз. Жұмыс әдеттегідей – көптеген жобалар, нақты қойылған тапсырмалар. Бұл кезеңде де Сізге тәлімгер көмектеседі. Үміткерлердің 95%-і сынақ мерзімінен сәтті өткенін айта кету керек.
Олар – алғашқылардың қатарында.
Forte Next Generation бағдарламасы 2016 жылы басталды және жақсы нәтижелерге ие. Осы жылдар ішінде біз 100-ден астам тағылымдамадан өтушілерді жұмысқа қабылдадық. Олардың кейбіреулері мансапта айтарлықтай өсті. Мысалы, алғашқы тағылымдамаларға қатысушылар: Адилет Кален (Қазынашылық бағыты, жетекші сарапшы), Эльвира Назарова (Стратегиялық тәуекелдер бағыты, жетекші сарапшы), Ерасыл Боранкул (Премьер-банкинг бағыты, аға сарапшы), Абырой Зауыт (Кредиттік тәуекелдер бағыты, аға сарапшы).
- Алда Forte Next Generation-ның кезекті легі тұр. Тағылымдамадан жаңадан өтіп жүргендерге не тілейсіз?
Адилет: Бәрін білемін деп ойламаңыз. Күн сайын біз жаңа нәрселерді үйренеміз, және бұл өмірдің соңына дейін жалғаса бермек.
Эльвира: Ақымақ болып көрінуден қорықпаңыз! Сұрағыңыз болса, сұраңыз. Ол арқылы керісінше, өз қызығушылығыңызды көрсетесіз. Икемді және жан-жақты болыңыз. Алда көптеген адамдармен кездесу бар және әркіммен тіл табысуңыз қажет. Маңызды сәттерді жазып алыңыз. Өкінішке орай, бәрін есте сақтау мүмкін емес.
Ерасыл: Барлық ақпаратты губка сияқты сіңіріңіз. Банктің және әрбір жеке Бағыттың қызметін зерттеңіз. Жаңа таныстар табыңыз. Қажет болған кезде, мен әлі де бұрынғы тәлімгерлерден кеңес сұраймын.
Абырой: Бүкіл ел бойынша қатысушыларға табыс тілейміз! Ал басқа қалалардан Бас Банкке баратыңдарға жылы киінуге кеңес беремін.
Қызықты ма? Сіз Гульжан Кайратовна Джапабаеваға сұрақ қойып, іріктеуге өтінім бере аласыз: +7 701 349 2692 немесе guljan_96@mail.ru
Виталий Лифинцев